Спорттық-медициналық тестілеуден өтуге қатысты кеңестер

Ø   Спорттық тестке дейін 2 сағат бұрын шай, кофе, никотин қабылдамаған ( ішпеген ) дұрыс.  

Ø   Тестке дейін 24 сағат бұрын алкоголь ішпеу керек

Ø   Спорттық  тестілеу күні жаттығуға,  өзіңіз үшін ауыр жұмыс істеуге болмайды.

Ø   Тест тапсырарда кем дегенде 1,5-2 сағат бұрын тамақ ішпеген дұрыс.

Ø   Аурудың асқынған кезеңінде тест жасалмайды.

Ø   Тестілеуге өзіңізге ыңғайлы кез келген спорттық киім мен аяқ-киім жарамды.

Ø   Киіміңізді ауыстырып үлгеру үшін, 15-20 минут бұрын келгеніңіз дұрыс.

Егер Сіз, қандай да бір себептермен, белгіленген уақытта тестілеуге келе алмасаңыз, хабарласып ескертуіңізді сұраймыз. Тел.: 356-33-33